Ресейлік хоккейші "Барыс" жанкүйерлеріне өкпелеп қалды
Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясында "Барыс" айдынына қонаққа келген "Автомобилист" (5:4 Б) командасының капитаны Сергей Широков матчтың екінші кезеңінен кейінгі берген сұхбатында астаналық жанкүйерлерге деген өкпесін білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Бала күнімізден бәрімізді кез келген елдің әнұраны ойнағанда орнымыздан тұруға үйретті. Бүгін Ресей гимні шырқалғанда, көп адам орнынан тұрған жоқ. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын", - деді "Автомобилист" шабуылшысы Сергей Широков.
"Барыс" - "Автомобилист" матчының жеңімпазы буллиттер сериясында анықталып, екатеринбургтік клуб жеңіліс тапқан.
Еске салайық, 2015 жылғы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатының финалдық ойынында Канададан 1:6 есебімен жеңіліс тапқан Ресей құрамасы жеңімпаз команданың әнұранына құрмет көрсетпей, айдыннан кетіп қалған. Ресей командасының сол жылғы құрамында Сергей Широков та болды.