Қазақстанның үздік сұрмергені “Барыс” сапына қосылды

Қазақстанның үздік сұрмергені “Барыс” сапына қосылды
Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық “Барыс” хоккей клубы шабуылшы Александр Борисевичпен екіжақты келісімшарт жасалғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 
Қазақстандық шабуылшымен жасалған екіжақты келісімшарт осы маусымның соңына дейін шақталған. 
Шабуылшы бүкіл кәсіби мансабын қарағандылық “Сарыарқа” клубы жүйесінде өткізген. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Александр жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының (ІА) қола жүлдесін иеленді, сондай-ақ жастар арасындағы әлем біріншілігінің (ІА) чемпионы атанды. 
Борисевич биылғы ел біріншілігінде 31 кездесу өткізіп, 47 (17+30) ұпай жинап, Pro Ligasy үздік сұрмергендерінің көшін бастап тұр. 15-18 желтоқсан күндері спортшы Қазақстан құрама командасымен бірге Мәскеуде өткен Бірінші арна кубогында өнер көрсетті.