Буллиттер соққысында шеберлік жетіскен жоқ - Николай Заварухин

Буллиттер соққысында шеберлік жетіскен жоқ - Николай Заварухин
Хоккей

"Барыс" - "Автомобилист" (5:4 Б) матчынан кейін командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, "Автомобилист" бас бапкері Николай Заварухин командасының есепте алда тұрып, жеңісті қолдан қалай беріп қойғандығын түсіндірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- Жақсы ойын. Иә, жанкүйерлерге ұнайтындай матч өтті, көп гол соғылды. 3:1 есебімен алда тұрып, екінші кезеңде керек емес айып уақыттарын алдық. Солай өзіміз бақылауда ұстап тұрған матчтың тізгінін қолдан беріп қойдық. Одан әрі қарай да жігіттер берілмей, соңынан дейін жұмыс істеді. Романовты буллиттер сериясында жасаған дебютімен құттықтаймын. ҚХЛ-дағы алғашқы ойыны, жақсы өнер көрсетті, бір ғана соққыға жауап қайтара алмай қалды. Шеберліктің жетіспеуі буллиттер соққысында жеңілуімізге әсер еткен болар.

- Ойында көп гол соғылуы жанкүйерлер үшін қуаныш, ал бапкерлерге бұл аса ұнай қоймайтыны анық. Бүгін шабуыл жақсырақ болды ма, әлде команда қорғаныста нашар өнер көрсетті ме?

- Бүгін екі команда да жақсы голдар соқты. Бапкерлердің көп гол соғып, аз шайба жібергісі келетіні түсінікті. Бірақ бұл спорт және біз жанкүйерлер үшін ойнаймыз.

- Кертис Волк пен Джесси Блэкердің ойынына қандай баға бересіз және команданың көшбасшы қатарында болуына қосып жатқан үлестері қандай?

- Команданың алдыңғы қатарда жүруіне олардың қосқан үлесі зор. Қазір әр ойыншының маңызы жоғары. Олар – командаға ұпай олжалауға көмектесетін көшбасшылар.