Заңғар Нұрланұлы жылдың үздік теннисшісі атанды

Заңғар Нұрланұлы жылдың үздік теннисшісі атанды
Теннис

Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) “Жылдың үздік шетелдік ойыншысы” аталымымен марапатталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

14 жастағы қазақстандық жас өрен жыл қорытындысында әлемнің үздік ондығы қатарынан көрінді. 

“Аталған марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Өз бапкерлерімен мен үлкен қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясына алғыс айтқым келеді. Келер жылы жасөспірімдер арасындағы ITF турнирлерінде ойнай бастаймын. Онда да намысты қолдан бермеймін”, - деді Заңғар Нұрланұлы. 

Заңғар биылғы маусымда жекелей және жұптық сында екі реттен чемпион атанды. Франциядағы беделді жарыстың финалында өнер көрсетті. Сондай-ақ бірнеше апта бойы Еуропа теннис қауымдастығы рейтингінің көшін бастап тұрды.

Еске салайық, өткен жылы дәл осы аталымда қазақстандық Зара Дәркен үздік деп танылған болатын.