Роман Савченко "Номадтан" кетті
Хоккей
Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін астаналық "Номад" қорғаушысы Роман Савченко мансабын өзге клубта жалғастырады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Келісімшарт екі жақтың келісімі бойынша бұзылды. 34 жастағы қорғаушы биылғы маусымда 26 кездесуге қатысып, 9 (3+6) ұпай жинаған.
Роман Савченко ұзақ жылдар бойы Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп, "Барыс" сапында 500-ден аса ойынға қатысқан. Ал жалпы Лигада 650 кездесу өткізіп, 161 (59+102) ұпай еншілеген.
"Барыс" хоккей клубы Роман Савченконың "Номад" құрамына қосылғанын маусым басында, дәлірек айтса, 21 қыркүйек күні хабарлаған еді.