Пеленің денсаулығы тағы нашарлады
Футбол
Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Пеленің денсаулық жағдайы тағы нашарлады. Бұны даңқты футболшының дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Сан-Паулудағы емхананың дәрігерлері 82 жастағы спортшыдан онкологиялық ауруды емдеудің кері динамикасы байқалғанын айтады. Бүйрек және жүрек қызметінің бұзылуы әсерінен Пелеге жасалатын күтім мен ем күшейтілуі керек.
Еске салайық, бразилиялық футболшы қараша айының соңынан бері тоқ ішектің қатерлі ісігін емдеу үшін Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн атындағы ауруханада жатыр. Ем барысында одан респираторлық инфекция анықталған.
Пеле Бразилия құрамасымен бірге үш рет әлем чемпионы атанған.