Катардағы әлем чемпионаты - тарихтағы ең нәтижелі Мундиаль

Катардағы әлем чемпионаты - тарихтағы ең нәтижелі Мундиаль
Футбол

Футболдан Катардағы әлем чемпионаты аяқталып, бұл Мундиаль тарихтағы ең нәтижелі турнирге айналды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Катардағы доп додасындағы 64 матчта барлығы 172 гол соғылған. Бұл бұған дейінгі Мундиальдармен салыстырғанда бір голға көп. 1998 (Франция) және 2014 (Бразилия) жылдардағы әлем чемпионаттарында 171 гол соғылған екен. 

Биылғы әлем чемпионатының финалының негізгі уақытында қақпалар жалпы 4, экстра-таймда 2, ал пенальтиде 6 рет дәл көзделді. Аргентина мен Франция құрамалары арасында болған ойында Килиан Мбаппенің әлем чемпионаттары финалында хет-трик жасаған екінші футболшы атанғанын еске сала кетейік.