Роман Шефер әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды
Хоккей
Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Роман Шефер Норвегияның Аскер қаласында өткен І дивизионның А тобындағы әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Ол әлем чемпионатындағы 5 матчта өз қақпасына жасалған соққылардың 92,8%-ын қайтара білген. Оның пайдалылық көрсеткіші +2 болды. Ал Данияға қарсы ойында Роман Шефер қақпасына бірде-бір соққыны дарытпай, "шатаут" жасаған болатын.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды. Элиталық дивизионның жолдамасы сарапқа салынған ойында ұлттық құрама Норвегияға 5:3 есебімен жол берді.