Александр Истомин: "Жеңіске қатені аз жіберген команда жетеді"

Александр Истомин:
Хоккей

Норвегияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (ІА) Қазақстан құрамасының Норвегияға қарсы өткізген ойыны мен команданың жалпы турнирдегі өнеріне бас бапкер Александр Истомин баға беріп, қорытынды жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- Мұндай матчтарда аз қателескен команда жеңіске жетеді. Бүгінгі ойынды осылай қорытындылауға болады. Өкінішке қарай, біз бүгін көп қате жібердік. Десе де, екі команда бір-бірімен тең дәрежеде ойнады. Өзіміздің жүзеге асыра алмаған мүмкіндіктеріміз қорытынды нәтижеге әсер етті. Жігіттер Норвегияға қарсы ойынның нәтижесі қандай маңызды екенін жақсы түсінді және соған сай дайындалды. Дегенмен, бұл мықтылар жеңіске жететін спорт. Бүгін Норвегия мықтырақ болды. Команданың екінші орын алғанына қарамастан, бірге атқарылған жұмыс пен жеңіске деген жігер үшін алғыс айтқым келеді. Әрине, қателер бар, бірақ жігіттер жарады. Бірінші матчта Франциядан 0;:2 есебімен жеңілгеннен кейін, Венгриядан жеңіліп жатып, жеңіске қол жеткіздік. Турнирдің қорытынды ойынында осы чемпионаттың мықты екі командасы сынға түсті. Командаға, жанкүйерлерге көп рақмет. Өмір мұнымен тоқтап қалмайды, сондықтан жеңіске ұмтылуды әрі қарай жалғастырамыз!