Бар мақсатымыз - жеңіске жету - Александр Истомин
Хоккей
Норвегияның Аскер қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы І дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында Қазақстанның Данияға қарсы өткізген матчынан кейін (4:0), ұлттық құраманың бас бапкері Александр Истомин ойынға қорытынды жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
- Жеңіс құтты болсын, жігіттер жақсы жұмыс атқарды. Қиын сәттерде төзім танытып, өз мүмкіндіктерімізді голға айналдыра білгенімізді айту керек. Ертең (бүгін – ред.) бізде тағы ойын. Данияға қарсы ойында талқылап, сараптама жасаймыз. Уақыт көп емес. Жігіттер жарады. Роман Шефер қажет кезінде команданы құтқарып, «шатаут» жасады. Тағы да жеңіспен құттықтаймын.
- Сан басымдығын жүзеге асыруға қатысты заңды сұрақ туындайды. Өйткені, мүмкіндік көп, бірақ бәрі бірдей жүзеге асырылып жатқан жоқ...
- Иә. 5х3 форматында да, 5х4 форматында да өнер көрсеттік. Қарсылас 5 минут бойы кем құрамда ойнады. Жетілдіруіміз керек тұстар көп.
- Словенияға қарсы ойында алға қандай мақсат қоямыз?
- Біздің бар мақсатымыз – жеңіске жету!
Дереккөз: ҚХФ