Мақсат Байжанов "Қайсарда" жаңа қызметте болмақ

Мақсат Байжанов
Футбол

Жаңа маусымда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алған "Қайсар" футбол клубы командаға бірқатар өзгерістер енгізіп, жаңа спорт директорын тағайындады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубының спорт директоры қызметін жаңа маусымда Мақсат Байжанов атқарады. Ол кәсіби мансабын осы қызылордалық ұжым сапында бастап, әр жылдары "Ертіс", "Ақтөбе", "Атырау", "Шахтер", "Жетісу" мен "Локомотив" (Астана) клубтарында өнер көрсеткен.