Александр Истомин: "Команда барлығын жақсы түсінеді"

Александр Истомин:
Хоккей

20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатындағы (ІА) Қазақстан құрамасының Венгрияға (3:2) қарсы өткізген матчынан кейін команданың бас бапкері Александр Истомин ойынға қорытынды жасап, құармағ енбей қалған кейбір ойыншылар туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Қазақстанның хоккей федерациясына сілтеме жасап. 

- Көп сөйлеудің қажеті жоқ сияқты, жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Алтыншы кезең дегенде бірінші голымызды соқтық, ең маңыздысы – осы. Жігіттер өздерін қолға алып, ойынға өзгеріс енгізе алды. Біз жүзеге асыра алмаған және қарсылас мүлт жібермеген сәттер болды. Дайындықты әрі қарай жалғастыра береміз.

- Жанкүйерлер көкейіндегі тағы бір сауал – Юргис Дубинскас пен Әли Әлібектің ұлттық команда құрамынан тыс қалуы.

- Юргис ауырып қалды. Құрамға қослымай қалған ойыншылар туралы әртүрлі әңгімелер болмауы үшін бәрін ашып айтайын. Менің ойымша, биыл командаға мықты ойыншылар жиналды. Әртүрлі пікір бар, бір ойыншы бір адамға мықтырақ көрінеді. Әлібек арқасынан жарақат алып, толық айыға алмады. Дені сау ойыншылар бар кезде,ә лем чемпионатыа жарақаты бар хоккейшілерді әкелу дұрыс емес.

- Екінші үзілісте жігіттерге қалай жігер бердіңіздер?

- Команда барлығын жақсы түсінеді, мойындарына үлкен жауапкершілік артылғанын біледі. Ойынның жүрмей жатқанын өздері де сезді. Бірінші ойында жүзеге асырмаған сәттеріміз көп болды. Бүгін қауіпті шабуылдар болғанымен, шайба қақпа торынан табылмай жатты. Барлығы алға қйоылған мақсатты білетіндіктен, жігер берудің аса қажеті де жоқ. Өйткені, олар бәрін өздері біледі, түсінеді.