Президент Алан Құрманғалиевті тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Алан Құрманғалиевті тарихи жеңісімен құттықтады
Теннис

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиевті Тунистегі әлем чемпионатында топ жаруымен құттықтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

- Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлдегерлерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер!, - деп жазылған Президенттің құттықтау жеделхатында.