Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті

Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті
Бокс

Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық Жанқош Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен кездесіп, жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 


Бірінші орта салмақтағы IBO Inter-Continental белбеуі үшін болған кездесу он раундқа жоспарланған, алайда қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, жетінші раундта жеңіске қол жеткізді. Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 26-жеңісіне қол жетізіп, IBO екінші деңгейлі чемпиондық белбеуін жеңіп алды. 

Бұған дейін Жанқош Тұраро WBO Inter-Continental чемпионы болғанын еске сала кетейік.