Тарасов - Чернышев дивизиондары матчында "Барыс" ойыншысы үш ұпай еншіледі

Хоккей
Құрлықтық хоккей лигасы Жұлдыздар матчының екінші күнінде Тарасов дивизионы мен Чернышев дивизионы командалары өзара кездесіп, кім мықтыны анықтады. Осы матчта "Барыс" шабуылшысы Джереми Бракко үш ұпай еншіледі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Тарасов дивизионы Чернышев дивизионын 11:10 есебімен буллиттер соққысында жеңді, ал қазақстандық клубтың ойыншысы Джереми Бракко жұлдыздар матчында бір гол соғып, екі нәтижелі паспен көзге түсті.
Бракко Харламов дивизионына қарсы өткізген матчта 2 ұпай (1+1) жинаған. Сонымен қатар, ҚХЛ Жұлдыздары матчына алғаш рет қатысқан шабуылшы буллит соққысын орындаған хоккейшілер арасынан үздік деп танылды.