Линден Вей ҚХЛ Жұлдыздары матчына қатыспайды

10-11 желтоқсан күндері Челябі облысында (Ресей) Құрлықтық хоккей лигасы Жұлдыздары матчы өтеді. Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты Харламов және Чернышев дивизиондары командалары құрамында өзгерістер болғанын жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Астаналық "Барыс" сапынан бұл шоу-турнирге Линден Вей баруы керек болған, алайда оның орнын шабуылшы Джереми Бракко басты. Сөйтіп, ҚХЛ-да алғашқы маусымын өткізіп жатқан канадалық шабуылшы Жұлдыздар матчында Чернышев дивизионында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда Джереми Бракко 34 ойынға қатысып, 21 (8+13) ұпай жинаған және өз командасының екінші мергені.
Ал Харламов дивизионындағы қақпашы Эдди Паскуаленің орнына Игорь Бобков қатысатын болды. Бұл Игорь Бобковтың мансабындағы төртінші ҚХЛ Жұлдыздары матчы болмақ. Бұған дейін ол 2017, 2019 және 2020 жылдары шоу-турнирге қатысқан. Осы маусымда Бобков 14 ойынға қатысып, 93,7% соққыны кері қайтарып, 8 мәрте жеңіске қол жеткізген.