Қазақстандық футболшылар Еуропа чемпионатының іріктеуінде кіммен сынға түседі?

Қазақстандық футболшылар Еуропа чемпионатының іріктеуінде кіммен сынға түседі?
Футбол

Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейнігі жасөспірімдер арасындағы 2023-2024 жылдар маусымының Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Футболдан 17 жасқан дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 7-топқа түсіп, Түркия, Шотландия және Беларусь құрамаларымен жарысатын болды. Топ иелері мен матчтардың өтетін күні мен уақыт кейінірек белгілі болды. 

Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің ережесіне сәйкес, топтың екі көшбасшы командасы мен өз топтарында үшінші орын алған бес команда элиталық кезеңге жолдама алады.