Мысырдағы теннис турнирінде қазақстандық дерби: кім жеңімпаз атанды?

Мысырдағы теннис турнирінде қазақстандық дерби: кім жеңімпаз атанды?
Теннис

Мысырдың Шари-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы кезеңінде қазақстандық дерби болып, Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова өзара кездесті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Жанель Рүстемова турнирдің негізгі кезеңіне іріктеу сайыстарынан өтіп, жолдама алды. Алғашқы кезеңде өз отандасымен кездескен Рүстемова Аружан Сағындықованы 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Енді Жанель Рүстемова турнирдің 7-ракеткасы, франциялық Наийя Берекоэчэамен ширек финал жолдамасын сарапқа салады. 

Турнирдің жұптық сынында Рүстемова мен Сағыныдықова 1/4 финалда өнер көрсетіп, жартылай финалға шығу үшін ресейлік Елизавета Машна-Елизавета Морозова жұбымен сынға түседі.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 мың доллар екенін еске сала кетейік.