Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
Футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуро-2022/2023 екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстан әйелдер құрамасы өзінің қарсыластары кім екенін білді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жеребе тарту нәтижесіндп Қазақстанның U-17 қыздар құрамасы В лигасының 2-тобында Әзербайжанмен, Босния және Герцеговинамен, Черногориямен сынға түсетіні анықталды. Екінші іріктеу кезеңінің ойындары 2023 жылдың наурыз айында Босния және Герцеговинада өтеді.
Еуро-2022/2023 екінші іріктеу кезеңі жеребе тарту рәсімінің жалпы қорытындысы төмендегідей:
А лигасы
А1 тобы: Чехия, Польша, Эстония (финалдық кезең иесі), Румыния.
А2 тобы: Англия, Норвегия, Бельгия, Хорватия.
А3 тобы: Германия, Португалия, Венгрия, Солтүстік Македония.
А4 тобы: Швейцария, Словения, Аустрия, Словакия.
А5 тобы: Ирландия, Франция, Италия, Косово.
А6 тобы: Испания, Дания, Сербия, Беларусь.
А7 тобы: Нидерланд, Финляндия, Швеция, Уэльс.
В лигасы
В1 тобы: Грекия, Фарер аралдары, Литва, Молдова.
В2 тобы: Босния және Герцеговина, Қазақстан, Әзербайжан, Черногория.
В3 тобы: Шотландия, Израиль, Грузия.
В4 тобы: Исландия, Люксембург, Албания.
В5 тобы: Солтүстік Ирландия, Түркия, Армения.
В6 тобы: Украина, Латвия, Болгария.