Футболдан Еуро-2023/2024 іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады

Футболдан Еуро-2023/2024 іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады
Футбол

Футболдан U-17 және U-19 жасөспірім командалары арасындағы Еуро-2023/2024 маусымына іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.  Ол 8 желтоқсан күні Швейцарияда өтеді. Еуро-2023/2024 іріктеу кезеңінің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жеребе тарту рәсіміне 52 құрама қатысады. Ұлттық құрамалар рейтингіне қарай А, В, С және Д 4 себетіне 13 командадан бөлінді. Әр топта 4 себеттің бір командасы болады. Қазақстан құрамасы Д себетінде. Іріктеу кезеңдерінде үздік шыққан екі команда мен өз топтарында үштікке енген командалар элиталық кезеңге өтеді. 

А себеті: Испания, Италия, Франция, Англия, Германия, Португалия, Бельгия, Ирландия, Венгрия, Сербия, Швеция, Турция, Дания. 

В себеті: Шотландия, Израиль, Норвегия, Швейцария, Чехия, Словения, Греция, Босния-Герцеговина, Украина, Польша, Австрия, Словакия, Хорватия.

С себеті: Финляндия, Исландия, Беларусь, Болгария, Солтүстік Македония, Румыния, Грузия, Солтүстік Ирландия, Косово, Уэльс, Черногория, Люксембург, Латвия.

Д себеті: Эстония, Фарер аралдары, Албания, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Андорра, Литва, Молдова, Мальта, Гибралтар, Лихтенштейн, Сан-Марино.

19 жасқа дейінгі жастар арасында да Қазақстан құрамасы Д себетіне түсті. Бұл себетте Албания, Черногория, Мальта, Молдова, Фарер аралдары, Андорра, Литва, Эстония, Люксембург, Сан-Марино, Гибралтар мен Лихтенштейн құрамалары бар.