Энтони Луис "Салават Юлаевқа" қарсы матчқа қатыспауы мүмкін

Энтони Луис
Хоккей

Астаналық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Энтони Луис "Салават Юлаевқа" қарсы болар матчқа қатыспауы әбден мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Барыс" ХК баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып. 

"Өткен ойында жарақат алған Энтони Луистің бүгінгі матчқа қатысуы екіталай", - деп жазылған "Барыс" хоккей клубының ресми сайтында. 

Сондай-ақ, "Барыстың" Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы матчтарына шабуылшы Дінмұхамед Қайыржан да қатыспайды. Ол Қазақстан жастар құрамасымен бірге Норвегиядағы әлем чемпионатында бақ сынайды.