Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа президенті тағайындалды

Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа президенті тағайындалды
Дзюдо

Қуанышбек Есекеев Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Астанада Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті конференциясы өтіп, осы жылдағы жетістіктер талданып, дзюдоның аймақтардағы жай-күйі талқыланды. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа президенті қызметіне “Қазақтелеком” АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев сайланды.