Қазақстан жастар құрамасы Даниямен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан жастар құрамасы Даниямен жолдастық кездесу өткізеді
Хоккей

29 қараша күні 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Норвегияның Аскер қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын  бастады. 11-17 желтоқсан күндері өтетін әлем біріншілігі алдында ұлттық құрама Данияның жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Екі құрама арасындағы жолдастық кездесу 8 желтоқсан күні өтеді деп жоспарланып отыр. Ал шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 3 желтоқсан күні Норвегия аттанады. Құраманың кеңейтілген құрамына  28 хоккейші - 25 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы кіреді. Ал қорытынды бақылау матчынан кейін бапкерлер әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың соңғы құрамын жариялайды.

Жастар арасындағы әлем чемпионатының І дивизионы "А" тобында Дания, Франция, Норвегия, Венгрия мен Словения елдері Қазақстанның қарсыласы болып, топ-дивизионның жолдамасын сарапқа салады.