Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жылды қорытындылайды

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жылды қорытындылайды
Күрес

Республикалық «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігі 20 желтоқсан күні Алматыда федерация президенті, ұлттық құрамалардың бас бапкерлері, жас ерекшеліктері бойынша аға жаттықтырушылар және федерация жұмысы бойынша жергілікті аккредиттелген федерациялар басшыларының қатысуымен жыл сайынғы қорытынды есеп беру конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, конференция аясында 2022 жылғы халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, жүлдегерлер қатарынан көрінген ұлттық құрама мүшелерін марапаттауға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылады.