Нойер жаңа әлем рекордының иесі атанды

Нойер жаңа әлем рекордының иесі атанды
Футбол

Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер әлем чемпионатының жаңа рекордының иесі атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Мануэль Нойер Германияның Коста-Рика құрамасына қарсы өткізген 3-тур ойындарында негізгі құрамда ойнап, әлем чемпионаттарындағы 19-ойынын өткізді. Бұл - әлем біріншілігіндегі жаңа рекорд. 

Бұған дейін неміс қақпашысы Зеппа Майер мен бразилиялық Клаудио Таффарела әлем чемпионаттарында 18 матчтан өткізген.

Германия құрамасы Коста-Риканы 4:2 есебімен жеңгенімен, плей-офф кезеңіне өте алмағынан естеріңізге сала кетейік.