Жапония Испанияны жеңді, Германия жарыс жолын аяқтады

Жапония Испанияны жеңді, Германия жарыс жолын аяқтады
Футбол

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының Е тобындағы 3-тур ойындары аяқталып, Жапония плей-офф кезеңіне жолдама алды, ал Германия жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Испания мен Жапония құрамалары арасындсғы кездесу 1:2 есебімен азиялық команда есебіне шешілді. Күн шығыс елі футболшыларының арасынан Рицу Доан (48’) мен Ао Танака (51’) көзге түсті. Ал испандықтардың голын Альваро Мората (11’) соқты. 

Германия Коста-Рика құрамасын 4:2 есебімен жеңді. Серж Гнабри (10’), Кай Хаверц (73’ және 85’) пен Никлас Фюллькруг (90+1’) - коста-рикалықтардың қақпасына соғылған гол авторлары. Ал Коста-Рика құрамасынан Ельцин Техеда (58’) мен Хуан Варгас (70’) немістер қақпасына нәтижелі соққы жасады. Германияның жеңгеніне қарамастан, Испанияның жапониялықтардан жеңілуі неміс құрамасының үшінші орында қалуына әсер етті. Осылай, Жапония 6, Испания 4 ұпаймен 1/8 финалға жолдама алды.