"Барыс" қақпашысының сэйві үздік деп танылды

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаттағы ең үздік сэйвтерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Мықтылардың арасында Никита Бояркин де бар. Оның "Ақ Барспен" өткен ойындағы сэйві тізімнің бесінші орнында. 

10-орында Игорь Ожиганов (СКА); 9-орында Антон Красоткин (СИБ); 8-орында Эдди Паскуале (ММГ); 7-орында Джереми Смит (КРС); 6-орында Евгений Аликин (АМР); 5-орында Никита Бояркин (БАР); 4-орында Игорь Бобков (АВТ); 3-орында Джереми Смит (КРС); 2-орында Эдди Паскуале (ММГ); 1 Алексей Красиков (СПР).