Қазақстандық күрес шебері Азия чемпионы атанды

Қазақстандық күрес шебері Азия чемпионы атанды
Күрес

Қазақстандық спортшы Лаура Әлмағанбетоваға әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының алтын алқасы бұйырды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Біріккен кұрес әлемі (UWW) халықаралық федерациясы осы жылдың маусым айында Бішкекте (Қырғызстан) өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында үндістандық спортшының допинг қолданғаны анықталып, оның 57 келіге дейінгі салмақта жеңіп алған алтын медалі қазақстандық күрес шебері Лаура Әлмағанбетоваға бұйыратынын хабарлады.