Португалия 1/8 финалға жолдама алды

Португалия 1/8 финалға жолдама алды

Футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында H тобында Португалия мен Уругвай командалары кездесті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Бірінші тайм бірде-бір голсыз өтті. Екінші кезеңде 54-минутта сол қапталдан Бруну Фернандештің Криштиану Роналдуға қарай асырған добы қақпадан бір шықты – 1:0. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда, Бруну Фернандеш алға ұмтылғанда, уругвайлық қорғаушы Хосе Мария Хименес қолмен ойнады. 93-минутта Б.Фернандеш 11 метрлік пенальтиден мүлт кеткен жоқ – 2:0. 

Осылайша, H тобында Уругвайды 2:0 есебімен тізе бүктірген Португалия алты ұпай жинап, 1/8 финалға жолдама алды.