Гана құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті
Әл-Райанда әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Оңтүстік Корея мен Гана құрамалары кездесті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Матч ганалықтардың жеңісімен - 3:2 есебімен аяқталды. Голдарды Мохаммед Салису (24-минутта) және Мохаммед Кудус (34 жіне 68-минуттар), Оңтүстік Кореялықтардан Чхо Кю Сун екі (58 және 61-минуттарда) гол салды.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Корея құрамасы әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде Уругваймен тең түсті (0:0), ал Гана құрамасы Португалиядан (2:3) ұтылды.