Кукушкин 31 сатыға жоғарылады
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Италиядағы "Челленджер" турнирінің финалдық кезеңінде өнер көрсетуі арқасында 31 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Михаил Кукушкин Италияның Андрия қаласында өткен турнирдің финалында швейцариялық спортшы Леандро Реидиден жеңіліп, 50 рейтингілік ұпай алған. Соның арқасында ол 223-орыннан 31 сатыға жоғары көтеріліп, әлемнің 192-теннисшісі атанды.
Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өзінің 37-орнын, ал Тимофей Скатов 146-орнын сақтап қалды.
Жұптық сында Андрей Голубев өз орнына сақтаса (47-орын), Александр Недовесов бір сатыға көтеріліп, 52-орынға тұрақтады.
Карлос Алькарас әлемнің бірінші ракеткасы болса, отандасы Рафаэль Надаль екінші орында, ал норвегиялық Каспер Рууд үздік үштікті түйіндеп тұр.