Бибісара Асаубаева WR Women’s Chess Tour 2026 рапид турнирінің жеңімпазы атанды
Басқа
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Сен-Тропеде өткен WR Women’s Chess Tour 2026 турнирінің еуропалық кезеңінде рапидтен жеңімпаз атанып, блицтен екінші орын иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Рапид бойынша финалдық кездесуде Бибісара атақты украиналық шахматшы, шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Мария Музычукты 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді. Сәтті нәтижелерінің арқасында Бибісара Асаубаева биыл қараша айында Германияда өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.
Бибісара Асаубаеваның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ал спортшының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.