Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы жанкүйерлеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Ассамалалейкүм! Қалдарыңыз қалай? Біздің жағдайымыз шүкір. Тәуір болып жатырмыз. Біз жекпе-жек кезінде жарақат алдық. Енді айналысып жүрген спортымыз оңай спорт емес. Сондықтан ондай болып тұрады. Маған тілектес болғандарыңызға Аллаһ разы болсын", - деді спортшы.
Еске салайық, 7 қараша күні Айдос Ербосынұлы (16-0, 11КО) WBA-дің екінші орта салмақтағы «қарапайым» чемпионы – кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6КО) жекпе-жекте нокаутпен жеңілген соң жасанды комаға түскен еді.