Айдос Ербосынұлы жасанды комаға түсті
Бокс
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11КО) WBA-дің екінші орта салмақтағы «қарапайым» чемпионы – кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6КО) жекпе-жекте нокаутпен жеңілген соң жасанды комаға түсті.
Бұл туралы BoxingScene.com твиттер-аккаунтында хабарланған.
Дереккөздің хабарлауынша, 30 жастағы отандасымыз миы зақымданған соң Миннеаполистегі Хеннепин округінің медициналық орталығына дереу жеткізілді. Екінші раундта мұрыннан кете бастаған қан 10 раундқа дейін тоқтаған жоқ.
Еске салайық, Моррел мен Ербосынұлы арасындағы жұдырықтасу 12 раундқа созылып, шешуші үш минуттықта жерлесіміз нокаутқа ұшты. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста бірінші рет жеңіліс тапты. Ал оның қарсыласы Давид Моррелдың сегізінші жеңісі.