Португалия Ганадан басым түсті
Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турында Португалия мен Гана командалары кездесті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Матчтың 65-минутында Роналду пенальтимен гол салды. 71 минутта Андре Айю португалдықтардың қақпасына доп соқты, бұдан соң Жоау Феликс пен Рафаэл Леау тағы бір-бір голдан салса, ойынның нүктесін Осман Букари қойды. Нәтижесінде Гана 2:3 есебімен ұтылып қалды.