Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады
Бокс
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров өзінің Instagram парақшасында испаниялық Энрике Луиске қарсы өткізетін жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
11 желтоқсан күні Алматы қаласында Жанқош Тұраров испаниялық кәсіпқой боксшы Энрике Луиспен жұдырықтасады. Бұл - қазақстандық былғары қолғап шеберінің ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таластың алдындағы соңғы жекпе-жегі.
"DAZN тарихта тұңғыш рет кәсіпқой бокстың тікелей трансляциясын Қазақстаннан әлемнің 200 еліне таратады. Бұған менің ІВО InterContinental белбеуі үшін әлемнің үздік 65 боксшысының қатарына кіретін Энрике Луиспен кездесуім себеп болмақ. Бұл кездесу әлем чемпионы (ІВО) белбеуі үшін жекпе-жек алдындағы соңғы аралық кездесуім. Жекпе-жек 11 желтоқсанда оңтүстік астанамыз Алматыда өтеді", - деп жазды Жанқош Тұраров Instagram парақшасында.