Футболдан Қазақстанның үздік шабуылшысы белгілі болды

Футболдан Қазақстанның үздік шабуылшысы белгілі болды
Футбол

Қазақстанның кәсіпқой футбоо лигасы 2022 жылғы маусымды қорытындылауды жалғастырып, бүгін ел чемпионатының үздік шабуылшысын анықтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік шабуылшысын анықтау мақсатында командалардың бапкерлері мен капитандары дауыс беріп, оның нәтижесінде “Астана” футбол клубының ойыншысы Педро Эуженио Сергей Квочкин атындағы сыйға лайық деп танылды. Ол осы маусымда 24 гол соғып, 5 нәтижелі пас беріп, команданың чемпиондық белеске шығуына елеулі үлес қосқан. Бұдан бөлек, ойыншы маусымның үздік сұрмергені ретінде Евстафий Пехлеваниди атындағы сыйды да иеленді.