Жеңістер алда - Андрей Скабелка
Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында "Барыс" пен "Ақ Барс" командалары арасындағы ойыннан кейін (1:2), бас бапкерлері матч туралы пікірлерін білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
- Әрине, нәтиже бәрімізге де ұнаған жоқ. Бірақ ойын ұнады деп айта аламын. Бірінші кезеңнің басы "Ақ Барстың" еншісінде қалды, алайда жиырма минуттықтың соңына қарай ойынды теңестіре алдық. Ал екінші кезеңнен бастап қарқынды күшейттік. Ойынның үшінші бөлігінде гол салатын мүмкіндік көп болды. Өкінішке қарай, мұны мүмкіндік деп те, жеке адамның қателігі деп те айта алмаймын... Бірақ матчта жеңілуімізге осы фактор әсер етті. Әрине, бүгін ұпай алуға лайық болдық. Жақсы ойын өрнегін көрсете тұра, ұпай еншілей алмадық. Жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Жігіттер барын салып ойнады. Бізге осы жеңіске деген құштарлықты сақтап қалу керек. Жеңістер әлі алда. Бүгін шабуылдарды нәтижелі аяқтай алмауымыз жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді. Гол соғатын біраз мүмкіндік болды, дегенмен қарсылас қақпашысынан айламызды асыра алмадық, - деді "Барыс" ХК бас бапкері Андрей Скабелка.