Қазақстандық теннисшілер жаңа халықаралық турнирде бақ сынайды
Қазақстандық теннисшілер жаңа халықаралық командалық United Cup турнирінде бақ сынайды. Болгария мен Қазақстан елдері турнирге қатысатын соңғы екі мемлекет болып тіркелді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Турнир 29 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Аустралияның Перт, Брисбен және Сидней қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында Польша және Швейцария құрамаларымен сынға түседі.
А тобы: Греция (Стефанос Циципас, Мария Саккари), Бельгия (Давид Гоффен, Элисе Мертенс), Болгария (Григор Димитров, Виктория Томова);
В тобы: Польша (Хуберт Хуркач, Ига Швентек), Швейцария (Стэн Вавринка, Белинда Бенчич), Қазақстан (Александр Бублик, Юлия Путинцева);
С тобы: АҚШ (Тэйлор Фритц, Джессика Пегула), Германия (Александр Зверев, Лаура Зигемунд), Чехия (Иржи Лехечка, Петра Квитова);
D тобы: Испания (Рафаэль Надаль, Паула Бадоса), Аустралия (Ник Кирьос, Айла Томлянович), Ұлыбритания (Кэмерон Норри, Хэрриет Дарт);
E тобы: Италия (Маттео Берреттини, Мартина Тревизан), Бразиялия (Тьяго Монтейро, Беатрис Хаддад-Майя), Норвегия (Каспер Рууд, Ульрике Эйкери);
F тобы: Франция (Артур Риндеркнеш, Каролин Гарсия), Хорватия (Борна Чорич, Петра Мартич), Аргентина (Диего Шварцман, Надя Подорошка).