Футболдан Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші матчта жеңіліске ұшырады

Футбол
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы футболдан Еуропа-2023 чемпионатының іріктеу турнирінде Исландия құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Қазақстандықтар исландиялық құрдастарына 1:4 есебімен жол берді. Осылайша, еліміздің құрамасы турнирлік кестенің ең соңында тұр.
Жеңімпаздар Орри Оскарссон (4-ші және 28-ші минуттар), Адольф-Дади Биргиссон (13-ші) және Хильмир Микаэлссон (45) гол соқты. Қазақстандықтардан Саиф Попов (пенальтимен, 43-ші) көзге түсті. 49-минутта қорғаушы Рамазан Каримов қызыл қағаз алып, алаңнан шығарылды.
Айта кетейік, бұл қазақстандық U-19 құрамасы үшін Еуропа-2023 чемпионатының іріктеу турниріндегі үшінші жеңіліс.