Өскеменде үстел теннисінен ел чемпионаты өтеді

Өскеменде үстел теннисінен ел чемпионаты өтеді
Басқа

22 қарашада Өскемен үстел теннисі орталығында жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астана, Алматы, Шымкент, облыстарының құрамалары командалық және жеке есепте, жұптық және аралас разрядтарда медальдар ойнатылады. Орталық алаңға еліміздің қазіргі жетекші спортшылары: Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Искендер Харки (Жамбыл облысы), Анель Бахыт (Шымкент), Санжар Жубанов (Алматы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Сагантай Курмамбаев (Өскемен), Александра Смирнова (Қарағанды), Ирисбек Артукметов (Шымкент), Арай Ашкеева (Қарағанды), Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент), Жанерке Кошкумбаева (Қарағанды), Темирлан Ким (Қарағанды), Гузель Торшаева (Алматы), Алиса Цвигун (Астана) және басқалар қатысады.

Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Алан Курмангалиев (Қарағанды) жеке кесте бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалуда (Тунис, 4-11 желтоқсан аралығы) және Өскеменге келмейді.