Морозова жүлдеден бір қадам жерде қалды

Морозова жүлдеден бір қадам жерде қалды

Конькимен жүгіру спортынан Нидерланд елінің Херенваген қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде Надежда Морозова жарысты 4-орынмен аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

1500 метр қашықтыққа жүгіру сынында Надежда Морозова жарыс жолын 1 минут 54 секунд көрсеткішімен аяқтап, жүлдеден бір қадам жерде тоқтады. 

Сондай-ақ, әйелдер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы 1 минут 28 секунд көрсеткішін тіркеп, 6-орынға тұрақтады.