Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2023 іріктеуінде алғашқы ұпайын еншіледі

Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2023 іріктеуінде алғашқы ұпайын еншіледі
Футбол

Футболдан 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуро-2023 іріктеу кезеңі аясында екінші матчын өткізіп, Словения командасымен тең түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі

Еуро-2023 іріктеу кезеңіндегі екінші матчта Қазақстан құрамасы Словениямен 0:0 есебімен тең түсіп, алғашқы ұпайына қол жеткізді. Қазір Қазақстан U-17 құрамасы турнирлік кестеде 3-орында тұр. Словения 4 ұпаймен көш басында келеді.

19 жасқа дейінгі жастар құрамасы да Еуро-2023 іріктеу кезеңінің екінші матчын өткізіп, шотландиялық футболшылардан 5:2 есебімен жеңілді.  

Келесі іріктеу матчтары 22 қараша күні өтеді.