15 жасар қазақ қызы джиу-джитсудан әлемнің алты дүркін әлем чемпионы атанды

15 жасар қазақ қызы джиу-джитсудан әлемнің алты дүркін әлем чемпионы атанды
Жекпе-жек

15 жасар қазақстандық Жібек Құлымбетова Абу-Дабиде өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күлгін белбеу иегері 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол 16-17 жас аралығындағы аға қатысушылармен күресті. Abu Dhabi World Jiu-Jitsu чемпионаты деп аталатын чемпионат белдік жүйесі бойынша өтті. Финалда Жібек БАӘ-нің жергілікті спортшысымен жарысып, ұпай бойынша жеңіске жетті.

Чемпионның айтуынша, ол Абу-Дабиде 20 күн болған. Осы уақыт ішінде Жібек жергілікті клубтардың бірінде жаттығып, команданың спортшыларына алғысын білдірді. Сонымен қатар, ол өзінің жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаровтың ерекше еңбегін атап өтті.

"Нұрсұлтан аға мені джиу-джитсуды жақсы көруді үйретіп, менен әлем чемпионын жасады .Оған өте ризамын. Мені қолдағандардың барлығына рахмет", - деді Жібек.

Бірнеше күн бұрын Абу-Дабиде Ju-Jitsu world Championship Abu Dhabi 2022 чемпионаты өткен еді. Жарыста Жібек Құлымбетова бес дүркін әлем чемпионы атанды. Жарыс "не-ваза" пәні бойынша өтті.