Фируза Шәріпова ММА-дағы екінші жеңісіне жетті

Фируза Шәріпова ММА-дағы екінші жеңісіне жетті
Жекпе-жек

Қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова (1-0) ММА-дағы екінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Отандасымыз Алматыда өткен Octagon 37 аралас жекпе-жек турнирінде әзербайжандық  Гюнель Әмірбаковамен (0-2) кездесті. Спортшылардың жұдырықтасуы үш раундқа жоспарланған еді, алайда, Фируза бірінші раундта қарсыласын тұншықтыру әдісі арқылы жеңді. 

Осылайша, Шәріпова ММА-дағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Гюнель Әмірбекова мансабында үшінші рет ұтылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Шәріпова шілде айында аралас жекпе-жекте дебют жасады: ол бірінші раундта ресейлік дебютант Карина Ондасынованы (0-1) жеңді.