Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: Аралас командалық сын жеңімпаздары анықталды

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты: Аралас командалық сын жеңімпаздары анықталды
Дзюдо

Бүгін дзюдодан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күні. Ел біріншлігінің қорытынды күнінде аралас-командалық жарыстан Қазақстан чемпиондары анықталды. 

Дзюдодан биылғы ел чемпионатының аралас-командалық сынында Жетісу облысы қарсылас шақ келтірмей, тұғыр биігінен көрінді. Ал Маңғыстау облысының дзюдошылары екінші орынға табан тіресе, Атырау мен Алматы облыстары қола жүлдегер атанды.