Ауыр жарақат алған Айдос Ербосынұлы комадан шығып, есін жинады
Бокс
Америкалық комментатор Дэн Каноббио қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығы туралы жаңа мәліметпен бөлісті.
«Айдос Ербосынұлы комадан шығып, жағдайы жақсарғаны туралы ақпаратты растай аламын. Келесі кезең – оңалту орталығы», - деді Каноббио.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11КО) WBA-дің екінші орта салмақтағы «қарапайым» чемпионы – кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6КО) жекпе-жекте нокаутпен жеңілген соң жасанды комаға түсті.