Қазақстандық күрес шеберлері халықаралық турнирде сынға түседі
18-19 қараша күндері Нью-Йоркте (АҚШ) Билл Фарреллді еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп, онда қазақстандық күрес шеберлері бақ сынайды.
Байрақты бәсекеде әйелдер күресінен Қазақстан намысын 4 спортшы қорғайды: Алтын Шағаева (53 келі), Марина Седнева (55 келі), Мадина Бақбергенова (68 келі), Жамила Бақбергенова (72 келі).
Нью-Йорк кілеміне еркін күрестен Қазақстан құрамасының 16 спортшысы шығады: Мейрамбек Қартбай, Рахат Қалжан, Асылжан Есенгелді (үшеуі де - 61 келі), Ақбар Құрбанов, Адлан асқаров (екеуі де - 65 келі), Әуез Сейітбаев, Азамат Шағапұлы (екеуі де - 70 келі), Санжар Досжанова (74 келі), Тілек Қбаыкенов, Шыңғыс Мұхаметқалиев (екеуі де - 79 келі), Болат Сақаев, Исламбек Ильясов, Айбек Айтбекова (үшеуі де - 89 келі), Мамед Ибаргимов, Әкежан Айтбеков (екеуі де - 97 келі), Әлішер Ерғали (125 келі).