Александр Истомин: "Халықаралық турнирлердің жиі өткені жақсы"

Александр Истомин:
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасының бас бапкері Александр Истомин шәкірттерінің Санкт-Петербургте өткен "Болашақ Кубогіндегі" ойынын қорытындылады. 


"Халықаралық турнирлерге жылына бір рет емес, тұрақты түрде қатысуымыз мықты қарсыластарға қарсы ойындарда өз мүмкіндіктерімізді түсіну үшін қажет. Себебі, ол чемпионаттардың дәрежесін көрсетеді. Егер Ресей мен Қазақстанның жастар лигасын салыстырар болсақ, арадағы үлкен айырмашылық байқалады. Себебі Қазақстан жастар лигасының хоккейшілері ел біріншілігінің деңгейін көрсетіп отыр, біз "өз қазанымызда қайнап жатырмыз"... Жақсы лигалар бар екенін білеміз. Сондықтан қарсыластардың деңгейіне сай келу үшін осы үздік лигаларда ойнау керек деп ойлаймын. Қазіргі жағдай осылай. Алға қарай жылжуға қажетті тәжірибені жинай алатын командалармен және сондай лигаларда ойнау керек", - деді бас бапкер Александр Истомин. 

Қазақстан жастар құрамасы "Болашақ Кубогінде" Ресейдің 18 және 20 жасқа дейінгі, Беларусьтің 20 жасқа дейінгі командаларымен сынға түсіп, бір де бір жеңіске қол жеткізген жоқ.