U-17 Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Португалиядан жеңіліп қалды

17 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Португалиядан 1:6 есебімен ұтылды.
Голдар: Гонсалу Оливейра 24, Хиль Мартинс 65, Нуну Патрисиу 71 (пенальти), 77, Гонсалу Морейра 74, Диогу Лобао 85 – Тамерлан Ағыманов 53 (пенальти).
Қазақстан U-17: Эльдар Меңдіғалиев (В) – Тимур Құрбанов, Әлихан Исраилов (К), Елжан Молдахмет, Рустам Жанхаев – Данияр Ерлан (Ерасыл Сәрсенбаев 81), Ілияс Әбіл (Виктор Лакеев 75), Шыңғыс Дүйсенбек (Ибрагим Батыр 75) – Ахметали Қалтанов (Аян Байдәулетов 46), Тамерлан Ағыманов, Әділет Мыңбай (Алан Адахаев 81);
Бас жаттықтырушы: Александр Кузнецов.
17 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының келесі ойын 19 қараша күні өтпек. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Еске салайық, бұған дейін 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Франция командасынан 0:7 есебімен жеңілгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Дереккөз: kazfootball.kz